8 сәуір күні "Мирас"мәдениет үйінде "Ана тілің-арың бұл..."атты қалалық қазақ тілі білгірлері байқауы өтті.Байқауға қала мектептері мен колледж оқушылары қатысты. Байқау 3кезеңнен тұрды: 1.Таныстыру; 2. Қанатты сөздер, мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіру; 3. Өз өнерін көрсету.Осы байқауда мектебіміздің 10"А"сынып оқушысы Сағынбай Ақнұр жүлделі 1 орынға ие болды, мұғалімі Ракишева Роза Сейтхазиновна, 10 "К" сынып оқушысы Жугинисов Мұхамеджан жүлделі 3 орынға ие болды, мұғалімі Ережепова Гүлбира Батыровна. Жеңістеріңіз құтты болсын!