Сәуір айының 9-шы жұлдызында Степногорск қаласы С.Сейфуллин атындағы №5КМЛ-де өңірлік семинар өтті. Семинарға барлығы 65 мұғалім қатысты. Қатысушылардың ішінде Көкшетау қаласының Педагогикалық шеберлік орталығының тренерлері: Пазылова Г.Ш.; Мусина А.Д., ҚББ бастауыш сынып әдіскері Сапарова А.А. , Степногорск қаласының барлық жалпымектептік жаңартылған білім беру мазмұнындағы 2-3сынып мұғалімдері; аталмыш мектептің пилоттық жобадағы және 2-3 сынып мұғалімдері қатысты.
Семинардың мақсаты:
Жаңартылған білім беру мазмұнын жүзеге асыруда сабақтарда қолданылатын тиімді оқыту әдіс – тәсілдері бойынша тәжірибе алмасу. Семинар тақырыбына жету мақсатында
9 жаңа форматта сабақтар (біріккен, кіріктірілген, командалық оқыту), оқыту семинарлары, тренинг, практикум, шебер-сыныптар өткізуді жоспарланды. Сабақтар мен оқыту семинарлары төмендегі бағдарлама бойынша көрсетілді.
Барлық жаңа форматта өткізген сабақтар жоғарғы деңгейде өтті. Сабақтарды ПШО тренерлері бағалау парағы бойынша 7 критерийлер арқылы бағалады, сабақ өткізген әр мұғалімге жақсы кері байланыс берілді.