Ақмола облысы Степногорск қаласының білім бөлімі ағымдағы жылдың 12 сәуірінде А.Құнанбаев атындағы №6 гимназия-мектебінің қабырғасында Степногорск қаласының білім бөліміне қарасты 17 қазақ мектептерінің бастауыш 4-ші сынып оқушыларының арасында пəндік олимпиада өткізді.
Бұл олимпиадада С. Сейфуллин атындағы 5КМЛ-нің бастауыш сынып түлектері төмендегідей нәтиже көрсетті.
Математика пәнінен: І орын - Базарбай Қарақат Айдарқызы 4 «Ә» сынып оқушысы, жетекшісі: Абежанова Нуржамал Арыспековна. ІІ орын - Асқарбек Айлана Айболқызы 4 «А» сынып оқушысы, жетекшісі: Ақылбекова Сауле Мухаметалиевна. ІІІ орын - Утегенов Ерасыл Ерланович 4 «Б» сынып оқушысы, жетекшісі: Калыкова Гульжан Еслямғалиевна
Қазақ тілі пәнінен: І орын - Абдулла Бақдаулет Алтынбекұлы 4 «Ә» сынып оқушысы, жетекшісі: Абежанова Нуржамал Арыспековна. ІІ орын - Абдықадыр Дайана Ерланқызы 4 «А» сынып оқушысы, жетекшісі: Ақылбекова Сауле Мухаметалиевна. ІІІ орын - Сарсенбаева Даяна Мейрамовна 4 «Б» сынып оқушысы, жетекшісі: Калыкова Гульжан Еслямғалиевна.
Орыс тілі пәнінен: ІІ орын - Канкенова Адия Асетовна 4 «А» сынып оқушысы, жетекшісі: Дауленова Бакыт Каримовна. ІІ орын - Ибрайым Әсел Нұржанқызы 4 «Б» сынып оқушысы, жетекшісі: Галаганова Галина Алексеевна. Сертификат - Бейсенбай Перизат Джамбулқызы 4 «Ә» сынып оқушысы, жетекшісі: Дауленова Бакыт Каримовна.
Қалалық бастауыш сынып ӘБ жетекшісі: Хуаныш Гулзада