11.04.2019ж. мектебіміздің есеп беру концертін өтті. «Жалынды жастармен көркейе бер, жайнай бер - Степногорск!» атты концерт Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында және Ұлы даланың жеті қыры бағдарламасын іске асыру, сонымен қатар Жастар жылы мен қаламыздың 55 жылдық мерейтойына арналған бұл концерттің мақсаты- оқушыларды отансүйгіштікке баулу, қазақ өнері арқылы балаларға ұлттық тәрбие беру, өз қаласын, өз елін өркендетуге үлесін қосатын, білімді, өнерлі ұрпақ тәрбиелеу. Есеп беру концертінде мектептің оқушылары мен ұстаздары өнер көрсетті. Концерт қонақтары оқушыларымыздың шығармаларын жоғары бағалап, жақсы әсер алып кетті.