Елімізде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктігі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында бірқатар жобалар жүзеге асыруда. Сондай жобалардың бірі-Адалдық дүкені. Жобаның ерекшелігі – дүкен сатушысыз, адам өзіне қажетті заттарын алып , ақшасын кассалық жәшікке қалдырып, есеп айырысады. Мақсат – қоғамда сенім атмосферасын біртіндеп құру, өзін адал адам ретінде анықтауға мүмкіндік бере отырып жағымды моральдық қасиеттерге, әлеуметтік жауапкершілікті сезінуге тәрбиелейді. Осындай Адалдық дүкені 2019 жылдың 18 -сәуірі күні Степногорск қаласы С.Сейфуллин атындағы №5 көпсалалы мектеп-лицейімізде «Адал ұрпақ » клубының ұйымдастыруымен, ата-аналардың қолдауымен, салтанатты түрде ашылды. Мектебіміздің директоры Мукажанова Л.Ө. ақ тілегін айтып, ашылу рәсімін жасады. Адал дүкеннің ашылу іс-шарасына бірінші болып белсенділік танытқан Мейірім тобындағы 2А,Ә, 3А,Ә сыныптармен сынып жетекшілері: Кушкумбаева С.М., Бекхожина Ж.Е. , Хуаныш Г., Амангелдиева Ш.Х., осы сыныптардың барлық ата-аналарына соның ішінде Муканова Р.Р. -ға, адал ұрпақ клубының белсенді мүшелері Елмұратов Еламанға , Ермек Жұлдызға, Төлеген Жанболатқа , 3А сынып оқушысы Амангелді Ақылжанға зор алғыс білдіреміз. Игі іске әр апта сайын мектептегі «Мейірім», «Сенім», «Ақиқат», «Парасат», «Ар-намыс», «Керемет» деген 6 топ кезекпен одан әрі жалғасын табуына атсалысатын болады. Нарықтық экономика заманында өскелең ұрпақтың бойында материалдық құндылықтан, рухани-адамгершілік құндылықты жоғары қоя білетін, парасатты, адал азамат тәрбиелеуде бұл жобаның маңызы өте зор деп есептейміз. «Адал ұрпақ» клубының жетекшісі Райхан М.