Текст
Бүгін Қазақстан Республикасының Тілдер күні мерекесіне арналған апталықтың жоспары бойынша ағылшын тілі мұғалімдері Жанайдарова Г.А және Базарбекова А.К 2 сынып оқушыларымен "Funny English" сайысын өткізді. Сайыс : топ басшылар сайысы, мақал-мәтелдер мен жұмбақтардың жауабын үш тілде айту, сөздік қор бойынша жарыс бөлімдерінен құралған болатын. Оқушылар тілге қызығушылықтарын білдіріп, зор ықыласпен қатысты. Сайыс өте қызықты өтті.