Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай өткен салтанатты лездемеде 1-ші және 5-ші сыныптың оқушылары "Жас Қыран", жоғарғы сынып оқушылары "Жас Ұлан" қатарына қабылданды.
«Жас Ұлан» - өскелең ұрпақты жоғары рухани-адамгершілік құндылықтар, гуманистік, толеранттылық пен демократиялық ұстанымдарға негізделген қазақстандық патриотизм рухында қалыптастыратын ұйым. Оқушылардың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастырады.
Ұйым қатарына қабылданған оқушыларымызды құттықтаймыз!
"Қайнар" БҰ жетекшісі: Жанайдарова Г.А.