Текст
Кітап - өмір ұстазы. Біздің болашағымыз - ЖАСТАР. "Біз жастарды жаңа өмірге бейімдей білуіміз керек" деп елбасы айтқандай біз жастарды кітап арқылы өмірге бейімдей аламыз. Сол себепті, кітап оқуға тарту - біздің бірінші міндетіміз! Рухани жаңғырту бағдарламасы аясында 9 сыныптарда "Кітап - өмір ұстазы" тақырыбында БУККРОССИНГ жобасы өткізілді. Оқушылар жоба барысында қызықты мәліметтерді оқып, бөлісіп, іс-шарадан жақсы әсер алды.