Текст
Дене шынықтыру онкүндігі аясында қаңтардың 17-сі күні 7 кадет сыныбында дене шынықтыру және тарих пәндерінен кіріктірілген ашық сабақ өтті. Тақырыбы "Ежелгі Грекия Олимпиада ойындары". Кадеттер ежелгі Грекия Олимпиада ойындарының тарихымен танысып, кейбір спорт түрлерін практикада қолданды. Дискті қашықтыққа лақтырды, орнынан ұзындыққа секіру фазаларын білді, дартс ойынының техникасын меңгерді. Сабақ жоғары дәрежеде өтті. Пән мұғалімдері Каирбеков А.Ш., дене шынықтыру мұғалімі және Аяған Н. А., тарих мұғалімі.