Мектебімізде 21.01- 22.01күндері құрамында никотин бар, психикалық белсенді зат "Снюс" әсері туралы 9- 11 сынып оқушыларымен және олардың ата- аналарымен әңгіме жүргізілді. Снюстың ағзаға зияндылығы зор екендігі айтылды. Атап айтқанда жасөспірімде:
- есте сақтау қабілеті нашарлайды;
- иммунитет төмендейді;
- ауыз қуысында, асқазанда онкологиялық аурулар пайда болады. Соңы қайғылы жағдайға әкеліп соқтырады.
Жасөспірім агрессивті болады, ұйқысы келе береді, мінез құлқы өзгереді, сабақ оқуы нашарлайды.
Денсаулықты құрдымға жіберетін бұл зиянды заттан бойыңды аулақ ұста Жас Өрен!!!