Текст
Бүкіл ел бойынша "Қауіпсіз мектеп автобусы" республикалық акциясы басталып кетті. Мақсаты: балаларға, ата- аналарға, қоғамға қауіпсіз жол қозғалысы және балаларды тасымалдау ережелерін ескерту. Мектебімізде осыған орай жолда сақ болуға шақыруға үндейтін флешмобтар, суреттер сайысы, сынып сағаттары, дәрістер өткізу жоспарланды. Баршаңызды осы акцияға белсенді қатысуға шақырамыз!