2020 жылдың 27.01.-31.01 қаңтар аралығында мектепте тамақтандыруды ұйымдастыруды жетілдіру бойынша «Дұрыс тамақтану- денсаулық негізі» атты тақырыппен іс-шаралар жоспары бекітіліп, түрлі шаралар өткізілді.
Мақсаты:тамақтану мәдениетінің негізін қалау, оқушылардың денсаулығын сақтау үшін дұрыс тамақтанудың маңыздылығы туралы мектеп қауымын ақпараттандыру деңгейін арттыру.
1-4 сынып оқушылары арасында сынып жетекшілерімен «Ас адамның арқауы», «Дұрыс тамақтану –денсаулық негізі» тақырыбында сынып сағатын өткізілді. Сынып сағатарында сынып жетекшілер тамақтанудың маңызды тұстарынан ақпараттар беріп, «Дұрыс тамақтанбаудың зардабы», «Саналы түрде тамақтан», «Газды сусындар зияны» атты бейнероликтер көрсетті.