10 ақпанда Степногорск өңірінің білім беру мекемелерінде 2020 жылына арналған оқу-жаттығуларды өткізу жоспарына сәйкес, Степногорск қаласының төтенше жағдайлар басқармасының және№ 3 мамандырылған өрт сөндіру бөлімі қызметкерлерімен мектебімізде «Өрт» дабылы шартты түрде пайда болған жағдайда оқушылар мен қызметкерлер құрамын эвакуациялау жаттығу өткізілді.
Оқу-жаттығудын мақсаты оқушыларды және қызметкерлерді өрт кезіндегі жүріс-тұрыс қағидаларын үйрету: өртке қарсы қызметті шақыру, өрт ошақтарын сөндіру, адамдарды ғимараттан шығару.
Жаттығу барысында 481 адам эвакуацияланды, оның ішінде 430 оқушы, оқытушы құрамы 51 адам. Мектеп әкімшілігі мен қызметкерлері мектептен оқушыларды эвакуациялау бойынша жақсы іс-әрекет көрсетті.