"Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының С.Сейфуллин атындағы №5 көпсалалы мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Многопрофильная школа –лицей №5 имени С.Сейфуллина города Степногорск отдела образования по городу Степногорск управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желідеміз

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жалпымектептік ата-аналар қауымы алдындағы қоғамдық тыңдаулар туралы ақпарат

23.01.2018

С.Сейфуллин атындағы №5 көпсалалы мектеп-лицейінде өткен

жалпымектептік ата-аналар қауымы алдындағы қоғамдық тыңдаулар туралы ақпарат

         2018 жылдың 12 қаңтар күні мектебімізде «Қоғам болашағы – біздің қолымызда» тақырыбында жалпы мектептік ата-аналар қауымы алдындағы қоғамдық тыңдаулар өтті. Тыңдау барысында келесі сұрақтар қарастырылды:

1.  Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауы;

2. 2 тоқсан қорытындылары;

3. «Жалпыоқумен қамту» айлығы туралы.

     Бірінші мәселе бойынша оқу тарих пәнінің мұғалімі Райхан Манаргүл сөз сөйледі. Ол Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауымен ата-аналар қауымын таныстырды. «Қазақстан әлемдегі түрлі сынақтарға төтеп беріп, қарқынды экономикалық даму жолына бет алды.  Еліміздің 2050-ші жылға дейінгі ұзақ мерзімді Даму стратегиясы жүзеге асырылуда. Жүз нақты қадам Ұлт жоспары аясында біз реформаларды жүргізіп келеміз. Индустрияландыру саласын өркендету үшін жүйелі жұмыстар атқарылуда. Біз конституциялық реформаны жүзеге асырып, еліміздің Үшінші жаңғыруын бастадық. Рухани жаңғыру бағыты бойынша кешенді іс-шаралар жүргізілуде. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы қабылданды», - деді сөз басында ҚР Президенті. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы адамзат жаңа өндірістік төңкеріс дәуіріне аяқ басып жатқанына тоқталды. «Заманауи технологиялар әлемді өзгертуде.  Жаһандық технологиялық  өзгерістер өзімен бірге жаңа белестер мен өсімнің жаңа мүмкіндіктерін алып келеді. Бұл біздің әлемнің дамыған 30 елінің қатарына енудегі тарихи мүмкіндігіміз», - деді Мемлекет басшысы.

Екінші мәселе бойынша оқу ісінің меңгерушісі Мусина Б. Ж. сөз сөйледі. Ол 2 тоқсан және І жарты жылдық бойынша оқушылардың білім сапасы және үлгерімі туралы ақпартпен ата-аналар қауымын таныстырып, сұрақтарына жауап берді.

Үшінші мәселе бойынша әлеуметтік педагог Абдилова Д. М. сөз сөйледі. Ол Білім бөлімінің жоспары негізінде мектебімізде «Қамқорлық» айлығының басталғаны туралы айтты. Оның негізгі мақсаты тұрмыс-жағдайы төмен, әлеуметтік көмекті қажет ететін, көпбалалы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсету. Демеушілік көмек көрсетемін, қолдау жасаймын деген ата-аналар болса, мектеп әкімшілігіне жолығуға болтынын айтты.

 

Директордың ТІЖ орынбасары                            Д.Абдилова

Просмотров: 530


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

ЭҮП (электрондық үкімет порталы) арқылы мемлекеттік қызмет көрсету

"Электрондық үкімет" порталы

          

Текст