Текст
Қаңтар айының 13-ші жұлдызында мектеп директоры Мукажанова Л.Ө.-ның төралығымен өткен ауқымды кеңестің күн тәртібінде қарастырылған бірінші мәселе Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына Жолдауы болды. Ұстаздар қолдауын тапқан Елбасының дәстүрлі Жолдауы егжей-тегжейлі талқыланып, жүректерге жол тапты.