Қаңтар айының 15-і күні өткізілген педагогикалық кеңесте математика пәнінің мұғалімдері Шаяхметова М.Н. және Төлеген С.Ө. 11-сынып оқушыларын ҰБТ-ге дайындаудағы іс-тәжірибелерімен бөлісіп, кездесетін проблемаларды шешудің жолдарын талдады. Сонымен қатар, бастауыш сынып мұғалімдері Лукманова Г.Қ. және Қалықова Г.Е. 4-сынып оқушыларын ОЖСБ бойынша жүргізіліп жатқан дайындық жұмыстары туралы мағлұмат берді. Мектеп директорының ОІЖ орынбасары Мусина Б.Ж. І жартыжылдық қорытындысы бойынша талдамалы анализ жасап, 2017-2018 оқу жылы бойынша аралық және қорытынды аттестация өткізуге енгізілген өзгерістерге тоқталып өтті.