Мектептегі психологиялық қызмет оқушылар тұлғасының үйлесімді дамуы, олардың көңіл-күй тұрақтылығын психологиялық сүйемелдеу мен қорғау, оқушылардың әлеуметтік және психологиялық салауаттылығының алдын алу мен ауытқушылықтарды жеңіп шығуы, проблемалардың себептерін зерделеп, айқындау, оларды шешудің жолдары мен құралдарын іздеу үшін қолайлы жағдай жасауды қамтамасыз етеді.
Бірінші жəне мектепалды даярлық сыныптарында оқитын оқушылар жəне ұстаздарымен мектеп психологы тығыз жұмыс атқаруда. Олардың мектепке бейімделуі, ойлау қабілеттері, моторикасының даму деңгейі, фонематикалық қабілеттері анықталды. Өткізілген диагностикалар бойынша мектеп педагог психологы мектеп əкімшілігі мен бастауыш сынып мұғалімдері арасында консилиум өткізді. Жұмыс барысында оқушылардың психологиялық диагностика бойынша нəтижелерімен таныстырып, оқушылардың одан əрі мектепке жақсы бейімделуіне, мектеп бағдарламасын жақсы меңгеріп кетуіне тиімді əдіс-тəсілдер легі ұсынылды.