Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаменті жаңартылған мазмұнда
әзірленген оқулықтар мен оқу әдістемелік кешендерін сараптамадан өткізу мақсатында 4-9 желтоқсан аралығында Астана қаласы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Пәндік комиссия үлкен сараптау жұмысын жүргізді. Мектебіміздің оқулықтар мен оқу әдістемелік кешендерін апробациядан өткізуге қатысушы 3-пилоттық сынып мұғалімі Абежанова Нұржамал Арысбекқызы оқулықтарды сараптау бойынша комиссия жұмысына қатысты.