Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім Академиясының
өкілдерінің біздің мектебімізге пилоттық жоба
бойынша іс-сапары
Әдістемелік көмек көрсету мақсатында қарашаның 23-і жұлдызында мектебімізге пилоттық жоба бойынша Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім Академиясының аға ғылыми қызметкері Омарова Ғ.Ж. және Облыстық Білім Басқармасының бас маманы Дюсеханова Қ.Қ. келді.
3-пилоттық сыныптарының мұғалімдерімен, оқушыларымен және ата-аналарымен сұхбаттаса отырып, жаңартылған білім беру мазмұнының бағдарламасы мен бағалау жүйесі оқушыларға да, ата-аналарға да ұнайтынын және оқушылардың жақсы қабылдап жатқанын көрді. Сынып жетекшілері мен пән мұғалімдерінен бірнеше бағыт бойынша сауалнама алынды. Сабақтарға қатысып, жақсы кері байланыс жасалды. беріп, ризашылығын білдірді.