27-ші қараша күні біздің мектебімізге әдістемелік көмек көрсету мақсатында Педагогикалық Шеберлік орталығының тренерлері - Пазылова Б.Қ.,Рахимжанова Б.Қ., Котова Н.В. –на 3,5,7– сыныптарының сабақтарына қатысты. Кесте бойынша 3-ші пилот сыныптарында 4 сабақ: Ақылбекова С.М. – дүниетану,Абежанова Н.А. – математика, Калыкова Г.Е. – қазақ тілі. 5,7 сыныптарында Киршимова Н.Қ – қазақ тіл, Джалғасов Ғ.М., – математика, Есенжолова А.А., – ағылшын тілі, Алибаева К.А. – орыс тілі, Абильдина А.М.
–информатика, Аяған Н.А. – тарих пәндерінен жаңа форматта сабақтарын өткізді.
Сабақтардан кейін жаңа әдістер, сабақ мақсаттарын дұрыс қою туралы қосымша оқыту семинарлары өтті. Сабақтарда әртүрлі жаңа әдіс-тәсілдер, бағалау түрлері жүргізілді. Сабақтар жоғары деңгейде өтті. Жақсы кері байланыс берілді.