Ашық сабақ туралы пікір.
2017 жылы 23- ші қараша күні мектеп алды даярлық апробациялық топта ата-аналарға арналған әліппе сабағынан ашық сабақ өткізілді.
Сабақтың тақырыбы - [Д] дыбысы және әрпі.
Сабақтың мақсаты - балаларды [Дд] дыбысы және әрпімен таныстыру; сөздерге дыбыстық талдау жасау; [д] дыбысын дауыстылармен бірге буын құрап оқыту. Әртүрлі тапсырмаларды орындау арқылы балалрдың оқуға деген қызығушылығын арттыру.
Сабаққа 20 оқушы және 12 ата-ана қатысты.
Сабақ барысында оқушылардың қызығушылықтарын арттыру мақсатында сиқырлы жәшік арқылы сабақтың мақсатын ашты. Сергіту сәтіне тақырыпқа байланысты қимыл жасау арқылы оқушылар [Д] дыбысын ауада жазып көрсетті. Сөздік қорларын байыту мақсатында түрлі суреттерді АКТ-ты арқылы қолданды. Жазу барысында қолдарын жаттықтыру үшін [Д] дыбысын балалар бірінші тақтаға, кейін дәптерлерге жазғызды. Оқу барысында оқушылар [Д] дыбысы бар сөздерді дауыстап бірге 5-6 рет оқыды. Ал сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардан қалыптастырушы бағалау алынды. Кері
байланысқа «Бас бармақ» тәсілін қолданды.
Сабақты өткізген - бастауыш сынып мұғалімі Хуаныш Гулзада.
Кері байланыс өте жақсы болды. Сабақ жоғары деңгейде өтті. Ата-аналар сабаққа алғыстарын айтып, ризашылығын білдірді.