С.Сейфуллин атындағы № 5 көпсалалы мектеп-лицейінің 1 «А» сынып
оқушыларының ата-аналарымен ұйымдастырылған тренинг туралы мәлімет.
Ақпан айының екінші жұлдызында «Жақсылық жолмен жүрейік» тақырыбында тренинг
ұйымдастырылды. Мақсаты: Ата – аналар арасында жағымды қарым – қатынас орнату, сыйластықты арттыру, отбасында балаға жақсы тәрбие беруіне ықпал жасау.Тренинг ережесі: Сенімділік, сыйластық, жақын араласу. Тренинг барысында ата-аналарға бейнероликтер көрсете отырып, тапсырмалар ұсынылды. Бес топқа бөлінген ата-аналар өз ойларын ортада ашық жеткізе білді. «Мұнара» жасау арқылы ұжыммен бірлесе жұмыс істей білу, түсіністік бірінші бақыт екенін, және «Бірлесе көтерген жүк жеңіл» демекші ауызбіршіліктің маңыздылығы туралы өз ойларын ортаға салды. «Отбасы бақыты» тақырыбында кластер құрады. Көрсетілген бейнероликтерді жалғастыра отырып жағымсыз әрекеттерде адам өзін қалай ұстау керек екенін кеңес ретінде ойларымен бөлісті.
Қорыта келе «Жүректен жүрекке» психологиялық тренинг бойынша өз балаларына жылы лебіздерін жазып қалдырды. Ұйымдастырылған тренинг бойынша өз ойлырын, ұсыныстарын, тілектерін «Ғажайып гүл» күлтешесіне жазып тақтада әдемі гүлдің бейнесін құрастырды. Тренинг сәтті ұйымдастырылды. Ата-аналар
ризашылқтарын білдіріп тарасты.
Ұйымдастырған: өзін-өзі тану пәні мұғалімі Амангельдиева Ш.Х.