Кішкентай балаларды үйде жалғыз қалдырмаңыз. Терезеден құлау оқиғалары көп жағдайда ата-аналардың балаларды қараусыз қалдырып кеткен кездерінде орын алып жатады.
Үйдегі барлық жиһаздарды бала терезе алдына шыға алмайтындай етіп, терезе жанынан алшақ қойған абзал. Терезедегі москиттік торға қатты сенім артуға болмайды! Ол балаларды құлаудан аман сақтап қала алмайды. Керісінше, москиттік тор көп жағдайда қайғылы оқиғаның орын алуына әкеліп соғады. Балалар москиттік торларды қауіпсіз деп ойлап, терезедегі сол торға сүйенеді. Ең сапалы тордың өзі баланың салмағы мен қысымды көтере алмайды.
Балалар үйде ойнағанда терезені, балконды ашпауға тырысыңыз. Биікте орналасқан желдеткіштерді немесе тік желдету режимін пайдаланған дұрысырақ. Бала терезені өз еркімен аша алмауы үшін оған арнайы бекiткіштер орнатыңыз. Терезеге құлпы бар тұтқаны орнатқан артықтық етпейді.
Егер бекіткіш және сақтандыру құралдарын орнату мүмкіндігі болмаса, бұранданы, тұтқаларды бұрауышпен бұрап, оны қолданғаннан кейін бірден баланың қолы жетпейтін жерге қойған абзал.