Текст
Күзгі пәндік сессия аясында ағылшын тілінде физика пәнінен 9 қараша күні 10 «а»сыныбында «Механика» бөлімі бойынша сайыс өтті. Сайысқа 2 топ қатысты. Оқушылар физика пәнінен алған білімдерін ағылшын тілінде меңгергенін көрсете білді.Оқушылар сайысқа қызығушылық танытып , белсенді қатысты.Өткізген физика пәнінің мұғалімі Калтенова Зияда Калаувна.